Өскемен-Алматы тас жолында салмағы 2 келіге жуық мефедрон тәркіленді

ӘР САЛА 17-05-2024, 10:54 0

Өскемен-Алматы тас жолында есірткі тәркіленді деп хабарлайды, Bizdiң Өskemen тілшісі. 

Тәртіп сақшылары жолда Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқан. Көлікті 26 жастағы Алматылық тұрғын тізгіндеген. 

«Тергеушілер көлікті тінту барысында 4 дана ақ түсті ұнтақ заты бар полимерлі қапшықтарды тауып, тәркіледі. Сонымен қатар жүк салғышынан осыған ұқсас тағы 15 пакет табылды», - деп хабарлады ШҚО ІІД. 

Сараптамалық нәтиже бойынша, бұл жалпы салмағы 1 келі 850 грамм болатын мефедрон екені дәлелденді. Күдікті жауап алу кезінде есірткіні Астана мен Павлодарда да таратқанын жеткізді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив