Өскеменде 12 жастағы бала жоғалып кетті. Тәртіп сақшылары баланы екі сағат ішінде іздеп тапты,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Балақай «Самал» саябағына барып, қайтар жолда адасып кеткен. Полицияға баланың әкесі хабар берген. Екі сағат ішінде бала аман-есен табылды.
Полиция қызметкерлері баланы ата-анасына табыстап, профилактикалық әңгіме жүргізді.