Шілденің басынан бастап көмір бағасы қымбаттады


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 14:37 0

Қазір тауарлық көмірдің бір тоннасы - 15 800 теңге, ал әлеуметтік қолжетімді көмірдің бағасы - 15 300 теңге. 


- 1 шілдеден бері 1 тонна көмір 300 теңгеге қымбаттады, - деді «ШҚО Ауғанстан ардагер-мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Олег Фролов.


Сонымен қатар, әкімдіктің мәліметінше, қала тұрғындарынан әлеуметтік қолжетімді көмір сатып алуға 678 өтініш түскен.


- Біз маусым айынан бастап әлеуметтік баға бойынша көмір алатын отбасылардың тізімін жасап, жұмысты бастағанбыз. Әзірге өтініштер аз. ТБО-ның барлық филиалдары осы бағытта халықпен жұмыс істеуі керек, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.


Қала тұрғындарына аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жекелеген санаттағы азаматтар әлеуметтік көмірді сатып ала алатынын, бұл тауарлық көмірге қарағанда арзанырақ болатыны ескертілді.


Айта кету керек, «Қолжетімді әлеуметтік көмір» жобасы Өскеменде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жоба аясында жекелеген санаттағы азаматтар көмірді жеңілдетілген бағамен сатып алып, жеңілдікпен жеткізу құқығын пайдалана алады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив