Өскеменде 2024-2025 жылыту маусымына 25 мың тонна әлеуметтік жеңілдікпен сатылатын көмірді жеткізу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
«ШҚО Ауғанстан ардагер-мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Олег Фроловтың айтуынша, биылғы жылы бағасы жеңілдетілген көмірдің көлемі халықтың нақты қолданысына сәйкес 10 тонна азайған.
Қолжетімді әлеуметтік көмірдің тоннасы биыл 15 мың теңге болса, тауарлық көмірдің тоннасы - 15 мың 500 теңге. Ал көмірді жеткізу бағасы былтырғыдай.
- Шілдеден бастап көмір бағасы 300 теңге өседі деп күтілуде. Яғни, әлеуметтік жеңілдікпен сатылатын көмірдің бағасы – 15 300 теңге, тауарлық бағамен сатылатын көмір – 15 800 теңге болады, – деді Олег Фролов.
Оның айтуынша, жанар-жағармай бағасы бір маусымда бірнеше рет көтеріледі. Сондықтан көмір жеткізіп беру үшін жазылған өтініштерді ертерек беру керек.
Еске сала кетейік, «Қолжетімді әлеуметтік көмір» жобасы Өскеменде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жоба аясында жекелеген санаттағы азаматтар көмірді жеңілдетілген бағамен сатып алып, жеңілдікпен жеткізу құқығын пайдалана алады.