Жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 13:08 0

ҚР Ішкі істер министрі жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау бойынша көрсетілетін қызметтердің жаңа бағасын бекітті. Бұйрық 2024 жылдың 24 маусымда күшіне енді, деп  хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі Tengri Auto порталына сілтеме жасап. 

Жаңа тәртіпке сәйкес құжаттарды дайындау құны: 

- Жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;

- Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;

- Мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 3 923 теңге;

- «ТРАНЗИТ» мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 126 теңге.

Құжатта құжаттаманы дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау, есепке алу процестерін автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды автоматтандыруға кететін шығындар 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив