Бірақ қашан салынатыны әлі белгісіз.
Брифингте ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының жолдарды дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары Ерлан Уәлиев саланың дамуы туралы айта келе, Ертіс өзенінен Виноградов көшесіне дейін өтетін көпір бойынша жұмыс жоспары жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұл идея көптен бері талқыланып келеді. Үш жыл бұрын құрылыс мерзімі 2023 жылы басталады деген шешім де қабылданған, бірақ бірдеңе дұрыс болмай құрылыс жұмыстары басталмаған. Техникалық-экономикалық негіздеме одан ертерек – 2016-2017 жылдары әзірленген.
Көпірдің ұзындығы 777 метр болады деп болжам жасалған, сол жылдардағы құрылыс құны 62 миллиард теңгені құраған. Оған іргелес көшелерді қалпына келтіру жұмыстары да қамтылған.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, қазір көпірді салу туралы ауқымды жоспарларынан бас тартқан, бірақ көпір салу туралы ойларын өзгертпеген. Әзірге жобалық құжаттаманы әзірлеу туралы да, құрылыстың құны туралы да, жоспарланған мерзімдер туралы да ақпарат жоқ.