vlast.kz
Өскемен әкімдігінің ресми сайтында 13 шілде күні халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі жарияланды.
Тізімге толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы, егде жастағы зейнетақы алатын адамдар, 1, 2-топтағы мүгедектер, қандастар басқа мемлекеттердің аумағындағы болған ұрыс қимылдарының ардагерлері, созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратындар, экологиялық апаттар мен табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан баспанасынан айырылған адамдар енгізілен.
Өтініш берушілердің саны - 5419. Алғашқы өтініш беруші 2006 жылы өтінім берген болса, соңғы өтінім 2024 жылы қабылданған.
Тізімде өтініш берушілердің аты-жөні, туысқандарының саны жайында ақпарат берілген.