Жалғыз үйі апатты деп танылған 124 адам бар - Өскемен


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 13:18 0

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтында 13 шілде күні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтардың тізімі жарияланды. Өскеменде жалғыз үйі апатты деп танылған 124 адам бар.

Тізімде өтініш берушілердің аты-жөні, кезек нөмірі, қай күннен бастап кезекте тұрғаны, туыстарының саны көрсетілген. 

Алғашқы кезекке тұрушы 2010 жылы тіркелген болса, соңғы тіркелуші 2023 жылы тіркелген. 

Тізімде туыстарының саны көрсетілмеген азаматтарда кездеседі. Туысының саны ең көп тіркелушінің туыстарының саны - сегіз. 

Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтардың тізімін 4 шілде күні Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Танекенов бекіткен.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив