Өскеменде тағы да оң жақ төте бұрылыстар салынып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-08-2024, 18:43 0

Қазыбек би даңғылынан Өтепов көшесіне қарай оң жақ төте бұрылыс жолы салынды.
Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазір Өтепов көшесінен Қ.Сәтбаев даңғылына шығатын оң жақ бұрылыста жұмыстар жүргізілуде.
Михаэлис көшесінде де осыған байланысты жылу желілерін жөндеу жұмысы тоқтатылды.
Оң жақ төте бұрылыс жолдары төмендегі көше қиылыстарында салынады:
- Өтепов көшесі – Қ.Сәтбаев даңғылы;
- Космическая - Михаэлис;
- Михаэлис - Космическая;
- Қашаубаев (бұрынғы Дзержинский) – Астана;
- Согринская - Путевая;
- Бурова - Қабанбай батыр.
Тағы бір оң жақ төте бұрылыс жолын жол полициясы қарастырып жатыр.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив