Өскемендегі көшелердің біріне еуропалық үлгідегі демалыс аймағы салынады

ЖАҢАЛЫҚТАР 30-07-2024, 15:25 0

Еуропалық үлгідегі демалыс аймағы туралы идеяны кәсіпкер ұсынған. Қазіргі таңда «Горизонт» дүкенінің жанынан демалыс аймағын құру жоспарланып отыр. Бастау үшін ағаштарды санитарлық кесуді жүргізу керек.

«Біз көгал отырғызамыз және бұталардан жасыл қоршау жасаймыз. Маңайдағы үйлердің тұрғындарынан қол жинап үлгердік. Олар бұл жерде Еуропа елдеріндегідей демалыс аймағы болуы керек дегенге келіседі», - дейді "Amalaya project" ЖШС басшысы Танир Ясса.

Кәсіпкер демалушыларға Wi-Fi қосуды уәде етті. Ал демалыс аймағында әр жұма сайын мектеп оқушыларына табиғатты қорғау мәселелері бойынша дәрістер өткізу жоспарланып жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив