ШҚО орманшылары ағашты “санитарлық мақсатта” кесуге ақша сұрайды


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР 12-06-2024, 17:09 0

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің мамандары Экология және табиғи ресурстар министрлігінен санитарлық мақсатта ағаштарды кесу үшін қаржы сұрап отыр.

Орманшылар ұлттық парктің кейбір жолдарын ағаштар мен бұталар жауып тастағанын, төтенше жағдай бола қалса, мұнда өрт сөндіру техникалары өте алмайтынын айтады.

Аудандық мәслихат депутаты Дәурен Қалибеков те құлаған ағаштар түрлі зиянкестердің ұясына, ал қураған ағаштар өрт ошағына айналуы мүмкін деп отыр. 

- Сарайта учаскесіне дейін шамамен 12 шақырым жолды тазалау керек. Тек осы маңды ғана емес, бүкіл ұлттық парктің басқа да аумағын тазалау қажет. Ал өрт сөндіру көліктері өтетін барлық жолдарды толық тазалап, қалпына келтіру үшін қаражат қажет, - дейді депутат.

Ал орманшылар өз кезегінде санитарлық кесу деген желеумен орман ағашын сататын уақыт әлдеқайда өтіп кеткен деп отыр. 

Олардың айтуынша, ерекше қорғалатын аумақтарда ағаштарды кесуге тыйым салатын ережені қайта қарау қажет.

Еске сала кетейік, өткен жылдың маусым айында Абай облысында ірі өрт шығып, салдарынан «Семей орманы» табиғи резерватының 14 қызметкері қаза тапқан болатын. Өрт 63 мың гектар аумақты алып, келтірілген шығын 160 миллиард теңгеден асты.

Nazerke

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив