Катонқарағайдағы полиция ғимаратының тоз-тозы шығып кеткен


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР 31-07-2024, 11:56 0


    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Катонқарағай ауданына іссапары барысында аудандық полиция бөліміне барды. 

    Бұндағы қызметкерлер еңбе ететін бас ғимарат өткен ғасырдың 70-шы жылдары салынған. Пайдалануға берілген уақыттан бері нысанда бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Аудандық полиция ғимаратының мүшкіл жағдайын көрген облыс басшысы алдағы уақытта бұл нысанның толықтай жөнделетіндігін жеткізді.

    - Жақында тиісті қаражат бөлінеді. Барлығы ойдағыдай болса, ғимарат толықтай қалпына келтіріледі. Тоз-тозы шыққан ғимаратта қызметкерлердің жұмыс жасауы да қиын. Сондықтан, орын алған мәселе оңды шешіледі, - деді Ермек Көшербаев.

    Өзінің жұмыс сапарын облыс әкімі аудандық ауруханада аяқтады. Бұнда ол мекеме ұжымымен кездесіп, ауруханадағы науқастардың ем алатын бөлмелерін аралап, медициналық қамтылуы жағдайымен танысты.

     - Ауданымыз жыл басынан бері қайта жанданып, бойына қан жүгірді. Аудан орталығы расымен де дамып келеді. Ауызсу, жылу тартылып, тұрғын үйлер салынып, жолдары жөнделіп, қыруар жұмыс атқарылуда,  - деді ауданның құрметті ақсақалдарының бірі, еңбек ардагері Жомартхан Абырайымов.

    Сондай-ақ өңір басшысы ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау, тағы да басқа салалар бойынша жұмысқа жас мамандарды тарту үшін ең алдымен оларға тиісті жағдайдың жасалуы қажеттілігін атап өтті.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив