"Терезелерді целлофанмен жабамыз, керек заттарды өзіміз сатып аламыз". Өскемендегі аурухананың жағдайы мүшкіл


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 11-06-2024, 12:33 0

фото: Altainews.kz

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталық, бұрынғы бірінші қалалық аурухана - мыңдаған азаматтың шұғыл түрде жеткізіліп, денсаулығы мен өмірін сақтап қалатын жер. Алайда бұл емдеу мекемесіне азаматтардың шағымы да көп.

Науқастар жататын матрацтар мәселесі де жиі көтеріледі. Мұндағы матрацтар ескі, ауыспағанына бірнеше жылдың жүзі болған. 

Аурухана жағдайы нашарлағанын облыс әкімі Ермек Көшербаев та көзімен көрді. Кеше 10 маусымда іссапармен барған ол жедел жәрдемнің дәлізі тар, науқастардың жақындарына жағдай жоқтығын айтты.

– Бұл ескі кеңестік стандарттармен тұр. Менің ойымша, қабылдау бөлмесін кеңейту керек, мұнда кең дәліз, апаттық шығу, күту алаңын жасап, науқастарға, олардың жақындары мен  медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалуы керек, - деді Ермек Көшербаев.

Осылайша әкім аурухана басшылығына бұл мәселені жан-жақты ойластыруды тапсырды.

- Крандар істен шыққан. Терезелерді целлофанмен жабамыз, жақтауларын бітейтіндерді өзіміз сатып аламыз, - деп шағымданды әкімге травматология бөліміндегі санитарлық қызметкерлер. – Бұрын бір айға 30 дана шүберек беретін болса, қазір  алтау ғана береді. 

- Мен де өзімді бұған кінәлімін деп есептеймін. Бұлай болғаны үшін кешірім сұраймын, — деді Ермек Көшербаев. – Бұған бір себеп те болған шығар. Мәселен, үнемдеу арқылы жалақыны сақтап қалу деген сияқты. Жағдайды жүйелі түрде өзгертеміз. Дәл ертең өзгеріп кетеді деп күтпеңіздер, бірақ ақырындап болады.

Дегенмен ауруханада заманауи бөлімше де бар.  Ол нейрохирургтер жұмыс істейтін инновациялық медицина бөлімшесі. Бірақ бұл бөлім де демеушілердің, қамқор адамдардың көмегімен құрылған. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив