Ішкі істер министрі ШҚО полицейлерінің жұмыс жағдайын тексерді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:05 0

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен облыс әкімі Ермек Көшербаев Катонқарағай және Марқакөл аудандары полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық жағдайымен танысты.

«Полиция қызметкерлері халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді, заң мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді жүзеге асыруда тиісті жағдай жасау маңызды рөл атқарады», - деді министр.

Айта кету керек, полиция бөлімшелерінің жұмыс мекемелері сонау 1970 жылдары салынған. Қазіргі таңда күрделі жөндеуді талап етеді. Аймақ басшысы өз кезегінде қажетті қаржы бөлініп, ғимараттар толық қалпына келтірілетінін атап өтті.

«Әрине, мұндай тозығы жеткен ғимараттарда жұмыс істеу қиын. Биылғы жылы ғимараттың сыртын жөндеу, ғимарат ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу, аумақты абаттандыру, келушілер мен қызметкерлерге арналған автотұрақ салу жоспарлануда», - деді Ермек Көшербаев.

Сапар соңында министр мен аймақ басшысы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында болып, полиция департаменттері мен қылмыстық атқару жүйесі басшыларының есептерін тыңдады. РҚК командирі ретінде және қызмет бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойды.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив