Бұл дәретханалар тегін жұмыс істейді, ал тазалықты тазалау тобы таңғы сағат 7:00 мен 21:00 аралығында қадағалайды.
Өскемен әкімдігі көшедегі дәретхана мәселесін жүйелі түрде шешіп жатыр. Қалада барлығы 14 осындай дәретхана орнатылғанымен, арасында кейбіреуі жұмыс істемейді.
«Дәретханаларды салуға тендер өткізілген. Тендерді жеңіп алған кәсіпкер жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ай сайын 1-2 нысанды қадағалап отырады. Тұрғындар үшін дәретхана тегін», - делінген қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі берген ақпаратта.
Бұл тұста ең өзекті мәселенің бірі – жаз бойы адамдар жиналатын Аблакетка айлағында гигиеналық-санитарлық нысандар орнату. Себебі, бұл жерге келушілер дәретхана іздеп, бұталарды жағалап кетеді. Жауапты бөлім бұл мәселе шешілетінін, алдағы күндері дәретхана ашық және тегін жұмыс істейтінін хабарлады.