Аблакетка кентіндегі ГЭС айлағында дәретхана орнатылады. Бұл туралы ШҚО әкімдігінде өткен жиналыста айтылды.
Қала қонақтарын Ертіс өзенінде шағын кемелермен қыдыртушы «Белалекс» компаниясы әкімдікке үш жыл бойы өтініш жазып, ақыры дегеніне жеткен.
- Өтініш жазып, қол жинап үш жыл жұмыс істедік, – дейді «Белалекс» компаниясының өкілі Ксения Белова. – Себебі бізге дәретхана керек! Ол жерге той алдында жас жұбайлар қыдырып келеді. Ал дәретхана жоқ. Ашатын болсақ, өзіміз тазалап ұстап, қонақтарға барлық жағдайды жасаймыз.