670 адамға есептелген нысан Үлкен Нарын ауылдық округі елді мекеніндегі жаңа емхана базасында орналасады.
«Ғимарат бос болды. «Қазақстан халқына» қорың оңалтуды ұйымдастыруға көмектеседі деген үмітпен шақырдық», - деді Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметұлы.
Қормен жұмыс наурыз айында басталды. Болашақ орталықтың үлгісі қазірдің өзінде дайын. 29 маманды, оның ішінде үш дәрігерді оқыту жоспарлануда. Оқыту сыртта өтеді және шығындарды «Қазақстан халқы» қоры көтереді. Сондай-ақ қор орталықты құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, оңалту қызметін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс береді. Ал жергілікті бюджет есебінен емхана ғимаратын сызбаға сай жөндеу қажет болады.
«Біз жылына 670 баланы қабылдай аламыз. Бұл ауданның дамуына септігін тигізеді, өйткені Катонқарағай, Марқакөл, Зайсан, Күршім, Серебрянск аудандарынан балалар бізге келеді, ал олардың ата-аналары, туған-туыстары балаларымен бірге болады. Оларға бір жерге тұрақтап, тамақтану үшін жер қажет болады, яғни мұнда шағын бизнес дами бастайды», - дейді Елдос Байрахметұлы.
Орталық өңірдегі науқастарға үш сатылы оңалтуды ұсынатын екінші мекеме болмақ. Біріншісі Өскемендегі «Ана мен бала» орталығының базасында жұмыс істейді.