Бала көпқабатты үй терезесінен құлап кетпес үшін қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек


--- 24-06-2024, 09:30 0

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетпес үшін қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсіндірді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар көпқабатты үйлердің терезесіне қорғаныс құралдарын орнату акциясын өткізуде. Бұл жолы мүгедек балалар тұратын отбасының тезелеріне арнайы құлыптар орнатылды. 

«Жазатайым оқиғалар ата-аналар пәтерлерде терезелер ашық екенін ұмытып, балаларды бірнеше минутқа қараусыз қалдырған кезде болады. Сондықтан қорғаныс құралдарын орнату өте маңызды. Департамент қызметкерлері тұрақты негізде ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді», — деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Акцияға кәсіпкерлер қатысуда. Терезелерге қорғаныс құрылғыларды «Za Oknami_Oskemen» компаниясы сатып алуға көмектескен. 

Осы ретте, ТЖД өңір жұртшылығына келесі ескертулерді қаперде ұстауды сұрайды:

— Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз.
— Терезелердің жанына жиһаз қоймаңыз.
— Терезелерде арнайы қорғаныс құрылғылары болуы керек.
— Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз.
— Баланы терезе алдына шығуға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіз жоқта оны қайталауы мүмкін.
— Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз.
— Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
— Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!
— Төтенше жағдай болған кезде «112», «101» телефондары бойынша қоңырау шалыңыз.


Талғатжан Мұхаметбекұлы

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив