Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) механизмі бойынша инвесторларды тарту арқылы «Өскемен қаласында балаларға арналған 600 орындық инновациялық шығармашылық орталық құрылысына» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған.
"Өскеменде спорт, хореография, музыка, өнер, ғылым, IT-технологиялар және шығармашылық үшін кешенді инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген қосымша білім беру ұйымдары жоқ. Бұл олқылықтың орнын толтыратын орталық халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми, зияткерлік және әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізетін орынға айналады, деп жазылған облыс әкімдігінің ақпаратында.
Осылайша инновациялық шығармашылық орталығы балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік бейімделуіне және кәсіби бағдарлануына ықпал ететін қосымша білім беру жүйесін тиімді және тұрақты дамыту үшін қажетті жағдайлар мен тетіктерді жасау алаңына айналады.
Оқушылар сарайы құрылысы 2027 жылы салынып бітеді деп жоспарлануда.
"Бой көтеретін ғимарат 2024-2026 жылдарға арналған Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі жол картасы аясында салынады", деп хабарлады әкімдік.