Сенат депутаты: ШҚО-ның өнеркәсібі мен экологиясы басты назарда


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:10 0

ҚР Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтығұтов Өскемендегі Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділерімен, қала тұрғындарымен кездесті. 
Сенатор Шәкәрім Бұқтығұтов өңірдің өнеркәсібі мен  экологиясының жағдайы басты назарда екенін айтты. 
– Облыс әкімі көтерген бірінші мәселе Риддер қаласындағы аурухана құрылысына қатысты болды. Осинов асуындағы айналма жол, Бұқтырма көпірінің құрылысын қаржыландыру, Риддер қаласына жол салу мәселелері көтерілді. Өскемен – Семей жолы сапалы жөнделіп жатқанын кеше өзім көрдім. Мердігерлер демалыс, мереке күндеріне қарамастан қызу жұмыс үстінде. Жоғарыдағы мәселелердің барлығы облыс әкімінің, салалық министрліктердің назарында тұр, – деді ол.
Сондай-ақ кездесуде «Үміт» балаларды қолдау орталығының директоры Майра Бейсекенова мекеменің статусы мен тәрбиеленушілерінің орталықтан шыққаннан кейінгі болашағы туралы мәселелерді көтерді. 
Ал «Jan ana»  қоғамдық бірлестігінің директоры Гүлжамал  Бершімбекова көп балалалы аналарға пәтер жалдауға берілетін субсидия мен «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алудағы кедергілер туралы айтты. Сенаторлар бұл сұрақтарды назарда ұстап, шешу жолдарын қарастыратындарын жеткізді.
Олар бұған дейін облыс әкімімен кездесіп, өңірге қатысты біраз мәселені талқылап, Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жаңа жобаларымен танысқан. 
Алда Ұлан, Самар, Тарбағатай аудандарын аралап, ауыл тұрғындарының жағдайымен танысу жоспарда тұр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар