ШҚО-да  жаңа психиатриялық аурухана салынады


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 10:17 0


Жаңа Қанайдағы психиатриялық аурухананың ғимараты сонау 1947 жылы бой көтерген. Нысан 4 корпустан тұрады. Бүгінде барлық ғимараттары тозбаған. Дегенмен, 2015 жылы ескі аурухана кешенінің жанынан жаңа аурухана салу туралы шешім қабылданды. Алайда құрылысқа қаражат жоқ болғандықтан, құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Араға он жылдай уақыт салып, ақыры аурухананың құрылысы басталды. Қазір ғимараттың іргетасы қалануда. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың мамырына жоспарланған. 

Ал ескі аурухана кешенін бұзып, орнына саябақ салуды жоспарлап отыр. 

«Ескі ғимаратты алып тастап, орнына жақсы саябақ орнатыңдар», - деп тапсырма берді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Жаңа Қанай ауылына аурухана кешенін салу маңызды. Себебі, кешенді басқа елді мекендерге көшіру қарастырылып отырған жоқ. Қазір Жаңа Қанай ауылында 500-ге жуық адам тұрады. Оның 90-ы психиатриялық ауруханада жұмыс істейді. Ауылдың жастары тұрғылықты жері бойынша жұмысқа тұру үшін орта және жоғары медициналық білім алады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив