Қазақстан көшесінде демалыс аймақтары мен автотұрақтар пайда болады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:08 0

Өскемендегі Қазақстан көшесінің бойында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды bizdің Өskemen.

Өскемен қаласындағы абаттандыру нысандарын аралау барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан көшесінде салынып жатқан демалыс аймағына барды.
Қазақстан көшесін, сондай-ақ Пермитин және М. Горький (жұп жағындағы) көшелерін абаттандыру жобасына үш сектордан тұратын демалыс аймақтары енгізілген.
«Қазақстан көшесінің бойында орналасқан түрлі дәмханалар мен “АДК” сауда үйінің жанында қосымша автотұрақтар жасап, жаяу жүргіншілерге арналған өтпе жол, ал автокөліктер үшін жол ашу қажет. Ол үшін бұл аумақты бұталар мен қоқыстардан тазартып, жол жиегіне ағаш отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Мұның бәрі тұрғындарымыздың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін қажет. Және ең бастысы – құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтау өте маңызды», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив