Өскеменде облыстық филармония маңында ерекше сахна орнатылады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:16 0

Облыс орталығындағы абаттандыру нысандарын аралау барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық филармония жанындағы скверді абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.

Сквер аумағында 3453 шаршы метр жерге тас төселіп, 201,83 шаршы метрге гранит плиталар орнатылады. Газонды аймақтың көлемі – 4339 шаршы метр. Бұдан бөлек, екі субұрқақ, гүлсауыттар, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылады.

– Сквермен қатар, филармонияның қосалқы нысандары мен шаруашылық құрылыстарын да жаңартып, абаттандыру қажет. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы концерттерге арналған көшелік сахна орнату керек, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Сондай-ақ,  облыс әкімі, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив