Риддерде жеке үй өртеніп, бір адамның денесін күйік шалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-06-2024, 10:23 0

Риддерде жеке үй отқа оранып, бір адам жапа шекті.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, жеке үйдің шатыры мен оған жапсарлас қолдан салынған құрылыс нысандары өртенді.

Өрт сөндірушілер 131 шаршы шақырым аумақты алған отты өшірген.

Оқиға салдарынан 49 жастағы үй иесін күйік шалған. Ол ауруханаға жатқызылды.

Құзырлы органдар өрттің шығуына не түрткі болғанын анықтап жатқанын хабарлады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар