Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыста маусым басталғаннан бері 7 орман өрті тіркелген. Ал өртке оранған аумақ 0,3 гектар.
Сондай-ақ ТЖД осы аралықта 32 тәртіп бұзушының анықталғанын жеткізді. Заңға қайшы әрекет етушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мамандар тұрғындардан қала сыртындағы демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.