Өскемендік “нордиктер” Италиядан жүлде алды


ЖАҢАЛЫҚТАР 18-06-2024, 14:48 0

Өскемендік Әбілқайыр Иманбеков пен Сейтқали Түнғатаров Италияның Турин қаласында өткен Nordic Walking World Cup жарысына Қазақстан атынан өнер көрсететін команда мүшелері сапында өнер көрсетті. 
Екеуі ұзақ жылдар бойы скандинавиялық жүріспен айналысады. Бұған дейін олар Алматыда өткен халықаралық марафонда тамаша нәтиже көрсетіп, Сейітқали – бірінші, Әбілқайыр – төртінші орын алған.
Италияда өткен әлем чемпионатына қазақстандықтардан бөлек 14 мемлекет қатысты. Оның ішінде Марокко, Сербия, Бельгия, Литва, Венгрия, Франция, Польша, Германия, Австрия, Украина, Чехия, Словакия, Швейцария, Испания бар.
Байқау қорытындысы бойынша Әбілқайыр төртінші, Сейтқали сегізінші орынға ие болды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар