Ауызекі тілде «Президент резиденциясы» деп аталатын қонақ үйі бар профилакторийді 3-5 жылға сенімді басқаруға алу үшін 1 млрд теңге төлеу керек.
Бұл туралы профилакторий әкімшілігі «Обожаю» ютуб-арнасының авторы Асхат Ниязовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bizdin Oskemen сайтының тілшісі.
«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл қонақ үйі бар профилакторийді 3-5 жылға бүкіл территориясымен бірге сенімді басқаруға алу құны шамамен 1 млрд теңге болады. Уақыт өткен соң сенімді басқаруға алған адам сатып алса да болады. Немесе басқандай шарт қойылатын шешім қабылдануы да мүмкін», делінген сұхбатта.