Қала әкімі Жақсылық Омар абаттандыру жұмыстары аяқталып қалған 28-ші тұрғын ауданында болып қайтты. Мұнда екі пәтерлі 25 жеке тұрғын үй пайдалануға дайын.
Үйлерді салумен және инженерлік инфрақұрылымды түгел орнатумен үш мердігер ұйым – «Плаза Констракшн» ЖШС, «Окей» және «Алаш Құрылыс KZ» де айналысты.
Әкім барғанда абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан. Белгілі болғандай, коммуникация желілерін жүргізгеннен кейін топырақтың шөгуіне байланысты қолайсыздар бар боп шықты. Одан бөлек, нөсер жаңбыр да топырақтың шайылып кетуіне әсер етуде.
Дегенмен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мамандары бұндай проблемалардың қазірден көзге көрінгені жақсы дейді. Айтуларынша, алдағы уақыттағы кемшіліктерді анықтауға және жоюға көмектесті.
Ал мердігерлердің айтуынша, қазір жолдар мен тротуарлардың іргетасын қайта толтырып, нығайтуда. Жер құрғаған кезде дереу асфальт төсеуге кіріспек.
- Азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша белсенді жүріп жатыр, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. – 28 тұрғын ауданында 50 үй болады, 25 үй пайдалануға дайын. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін 40 жер учаскесі бар. Барлық коммуникациялар реттелген. Енді мәселе тек сапада. Бұған дейін тұрғын үйге қатысты азаматтардан арыз-шағым көп болатын, енді мәселені кешенді түрде шешуді жөн көрдік. Тұрғын үй қабылдау комиссиясының құрамына тәуелсіз сарапшылар, қоғамдастық және осы үйлердің болашақ тұрғындарының өздері кіреді. Үйді тапсырар алдында мердігерлермен бірге барлығын көріп, қабылдап алады. Егер қандай ба бір кемшіліктер болса, алдымен ол жойылып, содан кейін ғана пайдалануға беру актісіне қол қойылады.