Әрбір Қазақстан азаматы өмірінде бір рет үй салуға тегін жер ала алады. Ол үшін не істеу керек?


ЖАҢАЛЫҚТАР 27-05-2024, 18:11 0

Әрбір Қазақстан азаматы өмірінде бір рет үй салу үшін 10 сотық (0,1 га) жерді тегін ала алады. Бұл құқық «Жер қатынастары туралы» заңда бекітілген.


Негізгі шарт – үй салынып, оны пайдалануға беру актісіне қол қойылғаннан кейін ғана жер иесі бола аласыз.


Ол үшін сіз төмендегі маңызды мәселелерге назар аударуыңыз керек:
1. Жер телімі бір адамға бір рет қана тегін беріледі, екінші рет берілмейді.
2. Өтініш берушінің басқа жер телімі немесе жылжымайтын мүлкі болуына рұқсат етіледі.
3. Барлық құжаттар мақұлданса, аталмыш жерге орналастыру жұмыстары мен актілерді дайындауға сіз ақы төлейсіз.
4. Жерді пайдалану актісі берілген күннен бастап алты ай өткен соң жеке тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қою қажет. Тек осы жағдайда ғана жер телімі жеке меншікке берілуі мүмкін.
5. Алты айда үй салынбаса, жергілікті әкімдікке хабарласып, уақытша жалға алу мерзімін бір жылға дейін ұзарту керек.
6. Егер бұл жерге екi жыл бойы үй салынбаса, мемлекет Жер кодексінің 92-бабы бойынша жерді алып қоюға құқылы және Жер кодексінің 93-бабы бойынша, сіз мемлекетке келтірілген зиянды өтейсіз. Бұл, әрине, өз еркіңізден тыс көлденең себептер, яғни, форс-мажор әсер етпеген болса.


Осылайша, мемлекеттен алған жерге үй салған кезде ғана жердің толық иесі бола аласыз.


Үй салуға жер алу үшін сол елді мекеннің әкімдігіне өтініш толтыру қажет. Әкімдік сіздің өтінішіңізді екі айға дейін қарай алады. Бұл құжаттар сұралған жер телімін пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін жер қатынастары және сәулет жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Осыдан кейін өтініш беруші кезекке тұрады.


Содан соң үміткер ұзақ күтеді. Себебі мемлекет өтініш берілген жер телімдеріне байланыс жүйелері орнатылып, жол салынған кезде ғана жер бере алады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив