Астанадан Өскеменге сенат депутаттары келді. Олар Шығыстағы туристік саланы дамыту бойынша көшпелі кеңес өткізді.
Сенат өкілдеріне Қазақстандағы мейрамхана-қонақ үй қауымдастығының басшысы Рашида Шайкенова жүгініп, мәселелер тиегін ағытты.
- Бізге дәретхана революциясын жасау керек. Санитарлық тораптардың жағдайы өте мүшкіл, - деді Рашида Шайкенова.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері дәретханаларды жаңартуға ден қоймайды. Былтыр дәретхана жаңарту үшін мемлекет қолдауын алуға төрт, ал биыл алты ғана өтініш берілген.
Кездесуге қатысушылар биыл өңірге келетін туристер көбейеді дегенді айтады. Олар, әсіресе, Шығыс Қазақстан облысына, оның ішінде Марқакөлге Қытайдан келетіндер артады деп болжайды.