«Жаңа Ахмер – 21-ықшамаудан», «28-ықшамаудан – Өзен вокзалы» бағыттарында жаңа маршрут ашылды. Бірақ демалыс күндері жүрмейді.
Бұл туралы Өскемен қалалық әкімдігі хабарлады.
"7 маусымнан бастап №255 маршруттық көлігі - «Жаңа Ахмер – 21-ықшамаудан», ал №256 маршруттық көлігі - «28 шағын ауданы – Өзен вокзалы» бағыттары бойынша жүреді. Әзірге бұл пилоттық жоба" деп жазылған ақпаратта.
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, сенбі-жексенбі - демалыс.