Өскемендегі неке қиятын жердің мекен-жайы өзгеріп кетті


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-05-2024, 12:42 0

14 мамырдан бастап Өскемен қаласында неке қиюды тіркеу Белинский, 37А мекен-жайына ауысты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлады.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АХАТ бөлімінің қызметі Сәтбаев даңғылы, 88/2 мекенжайы бойынша Неке қию сарайында көрсетілетін болатын.

Некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келу міндетті. Бұл некені тіркеудің белгіленген күні жасалуы керек. Клиент өтініш берген кезде ресми түрде неке қиғысы келетін-келмейтінін таңдай алады.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар