Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, кейбір вагондардың тоз-тозы шыққандықтан желіде жолаушыларды таситын жылжымалы құрам тапшы.
Десе де, трамвайларға жауапты Өскемен қалалық көлік компаниясы "трамвайлардың ескісі де, жаңасы да жоспарды жөндеуден өтіп жатыр" дейді.
Мекеменің ақпаратынша, вагондар алдағы жылдары толығымен жаңартылады. Бірақ, әрине, бюджеттен қаржы бөлінуі керек.
-Тиісті қаржы бөлінсе, 3-5 жыл ішінде трамвай паркін толықтай жаңарту жоспарлануда, - деп атап өтті компания.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі де мәселе бюджеттен қаражат бөлінуіне байланысты дегенмен келіседі.