«Одесса» паромы орнына қайта ма? Иесімен сөйлестік


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты / АУДАНДАР 28-05-2024, 15:32 0

Күршімнің көпірінің 80 пайызы дайын,  қазан-қарашаға таман пайдалануға беріледі деген жақсы жаңалық тарап жатқан соң Bizdiң Өskemen тілшісі «Одесса» паромының иесімен сөйлесіп көрді.


Паром иесі Евгений Филлиповтың айтуынша, әзірге «Одессаның» арқасына жүктелген үлкен міндет бар. 


-Дәл қазір бұл жерді, яғни Күршім өткелін тастап кете алмаймыз. Неге екенін өзіңіз де білетін шығарсыз. Екі үлкен паромның істен шығуы жиілеп кетті. Көпір салынуы әрине, жақсы, бірақ ол көпір салынып, көлік кедергісіз жүруі үшін әлі жарты жыл уақыт бар. «Үлкен паром» дегенде «Күршім» мен «Ертістің» сыртқы көлемін айтып тұрған шығарсыңдар, ал сиымдылық жағына келер болса, екеуі де «Одессадан» үлкен емес. Сондықтан дәл қазір күршімдіктер үшін «Одесса» өте қажет. Дәл қазір бұл айлақты тастап кеткенім, дұрыс болмас, дейді Евгений Филлипов.


«Енді Үлкен Нарын өткеліне (Васильев) қашан қайтасыз?» деген сұраққа паром иесі бірден нақты жауап бере қоймады. 


Көпір салынған соң, Күршім өткелінде жұмыс тоқтайтыны белгілі. Ертерек «еліңізге» жетіп, халықты бұрынғы өткелге үйрете бергеніңіз дұрыс шығар. Оның үстіне Катонқарағайға ағылатын туристер саны 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда өскен. Туристер ағыны енді көбеймесе азаймайтыны анық. Ертең жұмыссыз қалмайсыз ба? деп сұрақ қойды Bizdiң Өskemen тілшісі.


Паром иесінің айтуынша, Үлкен Нарын (Васильев) айлағына «Одессадан» басқа ешкім бара алмайды екен. Себебі пароммен бірге айлақ та кәсіпкердің жекеменшігі болып саналады. 


-Күзде өтіп бара жатып екі жағаға да тоқтап көрдік. Бәрі жұмыс істеп тұр. Бұрынғы екі бүйірінен тиелетін механизм сақадай-сай дайын. Ашып-жауып көрдік. Уақыты келгенде барамыз. Қашан екенін дәл қазір айта алмаймын, дейді кәсіпкер.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар