2024 жылдың 20 маусымынан кейін елімізде вейп пен электронды темекіге толықтай тыйым салынатын болды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Қазір біздің елде вейптерге толығымен тыйым салынған, яғни оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды елге әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға бллмайды. Егер заңды бұзған жағдайда - 2000АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Адамның басты байлығы - денсаулық демекші, бүгінде салауатты өмір салтын ұстану басты назарда болуы қажет. Сондықтан ең дұрысы - темекіні толығымен тастау! Өкініштісі сол, бұл барлығының қолынан келе бермейді екен.
Зерттеулерге сәйкес, темекі шегушілердің 10-нан 1-і ғана электронды темекі мен вейпті толығымен тастай алады, ал қалғандары дәстүрлі түріне қайта оралатын көрінеді.
Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша,электронды темекі қолданатындардың көбі 21 жасқа толмағандықтан, олардың жалғыз таңдауы темекіні тастау екенін жеткізді.
Қай жаста болсақта, кесапаты көп әдеттен ада болайық.
Іңкәр Төлегенқызы