Бүгін үшінші күн: Өскеменде тағы да ауа ластанады


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-02-2025, 09:22 0

Облыс орталығында үшінші күн қатарынан ауа ластанады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«19 ақпанда ауа сапасының нашарлауына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында болады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Өскемен мен Риддерде 17 ақпанда және 18 ақпанда ауа сапасы нашарлағанын жаздық.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив