26 қараша күні Қазақстанның тоғыз өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасының нашарлауы күтіледі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 26 қараша күні ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Павлодар, Көкшетау және Петропавл қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.