Қазгидромет 26 ақпанда ауасы ластанатын қалалар тізімін жариялады. Өскемен мен Риддер бүгін де тізімнен табылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«26 ақпанда Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.