«18 ақпанда ауа сапасының нашарлауына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында болады», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Еске салайық, Өскемен мен Риддерде 17 ақпанда да ауа ластанды.