Фото: kaz.nur.kz
Д.Серікбаев көшесіндегі университет маңынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemenтілшісі.
Мәйітті байқаған тұрғындар бірден полицияға хабар берген.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, марқұм 45 жас шамасындағы ер адам екені анықталған.
- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалған, - делінген ақпаратта.