Өскеменде көпірден секірген жігіттің денесі 1 ай өткеннен кейін табылды


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 24-07-2024, 14:42 0

Жігіттің денесі Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы Ертіс арнасынан табылды. 

21 жастағы Жандос 15 мамыр күні белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. 

Марқұмның ағасы Айболдың айтуынша, Жандос достарымен кафеде болған. Біреу хабарлама жазғаннан соң сыртқа шыққан. Содан кейін Ертіс көпіріне барған. Жандос ағасына көмек сұрап хабарласқан, бірақ Айбол інісіне көмектесуге үлгермеген. Куәгерлердің айтуынша, бір жігіт көпірден секіріп кеткен. Кейіннен оның Жандос екені анықталды. 

Жандосты іздеу жұмыстары жүргізілген, бірақ нәтиже болмаған соң Айболдың өзі інісін іздеп, Ертіс жағалауын қарап шығады. 

– 13 маусым күні Прапорщиково ауылындағы  Ертіс арнасынан марқұмның денесі табылды. Оны жедел-құтқару жасағының мүшелері судан шығарды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. 

– Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды, - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар