Абай облысында құдықтан үш адамның денесі табылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-08-2024, 12:00 0

Абай облысында су құбыры шұңқырын тазарту кезінде үш азамат биогазбен уланып қайтыс болды. Марқұмдардың екеуі Алматы қаласының тұрғыны, үшіншісі жергілікті тұрғын екені анықталды.

Қайғылы жағдай Көкпетті ауданы Преображенка ауылында болды. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. 

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, су құбыры шұңқырын тазарту кезінде екі қызметкер мен жергілікті тұрғын биогазбен уланған. Осы факті бойынша екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған еңбек қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

– Оларда ешқандай құрал-жабдық, ештеңе болған жоқ. Баламның өліміне кім жауап береді?Ал енді баламды тауып берсін. Мынаның ішінен мәйітін шығарды. Шығара алмай. Бұл не сұмдық?! Сонда олар тендер ұтып алады екен. Неге сауыт-сайманымен келмейді екен? Неге арнайы машинамен келмейді?, – дейді марқұм Д.Жақыповтың анасы Гүлнар Жақыпова. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив