Өскеменнің шетінде әйелдің мәйіті табылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-08-2024, 16:37 0

Мәйіттің денесінде дене жарақаттары бар.

"Өскемендегі бау-бақша қоғамдарының бірінің шетінде 45-50 жас шамасында көзге көрінетін дене жарақаты бар белгісіз әйелдің денесі табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның егжей-тегжейі тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан, жария етілмейді. Мәйіт автопарктің жанында "Алтай бағбаны" бау-бақша қоғамында табылған.

"Кісі өлтірді деген күдікті әлі ұсталған жоқ", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив