"Атлас-5" зымыран тасығышы 5 маусымда Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан көкке самғағанын NASA-ның YouTube-тегі арнасы тікелей эфирде көрсетті, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Жаңа кеме Халықаралық ғарыш станциясына астронавтар Батч Уилмор мен Суни Уильямсты жеткізуге тиіс.
Бұдан бөлек, станцияда несеп өңдейтін құрылғы бұзылған, кеме оған сорғы апара жатыр. Жоспар бойынша, кеме ғарыш станциясына бір күнде жетуге тиіс, экипаж ол жақта бір аптаға жуық "Старлайнер" сынақтарын өткізбек. Астронавтар жерге оралатын капсула бұған дейін сынақ кезінде ғарышта болған, ол "Калипсо" деп аталып кетті.
"Старлайнерді" NASA бағдарламасы аясында Boeing корпорациясы жасап шығарды.