Алаяқтар енді жалғызбасты ана болып әрекет етіп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:46 0

Әлеуметтік желілерде адамды алдаудың жаңа тәсілі пайда болды. Бұл жолы алаяқтар жалғызбасты ана болып әрекет етуде.


Сценарий бойынша, алаяқтар күйеуі немесе сүйіктісі тастап кеткенін, жалғыз өзі бала асырап отырғанын баяндап жазба жариялайды. Баласын тамақтандыруға мүмкіндігі жоқ екенін де айтады.


Осы кезде оның сыбайластары жазбаға жанды елжірететін пікір жазып, карта нөмірін жазып жіберуді сұрайды. Мұны көрген ақ көңіл жандар «жалғызбасты ананың» картасына ақша жібере бастайды.


«Желіде кез келген ақпаратқа сыни көзбен қарау өте маңызды. Эмоцияға берілмей, тексерілмеген парақшаларға сенім артпаңыз. Шынайы мұқтаж жандарға көмектескіңіз келсе, арнайы қайырымдылық қорлары немесе ресми платформалар арқылы көмек көрсетуге тырысыңыз», - деп ескертті полиция.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив