Шағын аудандардың ауызсу мәселесі шешіледі – Өскемен

видеодан алынған кадр

видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:33 0

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов 20-шы және 21-ші шағын аудандардың тұрғындарымен кездесті. Азаматтардың өтініштерін тыңдап, өзекті мәселелерді талқылады, атқарылатын негізгі жұмыстарды белгіледі. Қала әкімі тұрғындар тілге тиек еткен ауызсу мәселесі жуық арада шешілетінін айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

 – Ең басты мәселе — ауызсумен қамтамасыз ету. Бұл Президент тапсырған басым бағыттардың бірі. Шағын аудандарда ауызсу осы айдың соңына дейін беріледі. Бұдан бөлек, кейбір учаскелерде қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіледі, ескі құдықтар алынып тасталады. Иванов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деді қала әкімі.

Қала әкімі кездесу барысында ТҮКШ, ЖК және АЖ, құрылыс, сәулет бөлімдерінің басшыларына, сондай-ақ тиісті ұйымдарға тапсырмалар берді. Барлық мәселе кезегімен, тұрғындардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып шешілетінін айтты.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив