Шомылу маусымы:құтқарушылар қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 18:36 0

Бүгін Өскеменде шомылу маусымы қарсаңында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

Іс-шара "Самал" саябағындағы қалалық жағажайында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында судағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Қала тұрғындарының өтініштеріне орай жазғы лагерлер мен жағалаулардың су астын тексеру жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде құтқару қызметтерінің әрекеті көрсетілді.Сондай-ақ,  суға батып кеткен адамға алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріліп, көрнекі түрде көрсетілді.

«Төтенше жағдайларды болдырмас үшін,ең алдымен, қала тұрғындарына тыйым салынған жерлерге түспеуге кеңес береміз. Жүзу кемелерінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, суға түсу күртешелерін киіңіздер.Сонымен қатар, 7жасқа дейінгі балаларды су қайықтарына отырғызуға тыйым салынады»,-деді Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Еркінбекұлы

Іс-шара шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін кешенді шаралардың маңыздылығын көрсетті. 

Құзырлы органдар өзара іс-қимылды күшейтіп, алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге ниетті.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив