Шығыс туризміне былтыр 15 млрд теңге салынды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:12 0

2024 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанға 410 мың ішкі туристер, яғни қазақстандықтар және 18 000 шетелдік, барлығы 428 000 турист келген. Оларды орналастыру бойынша қызметтер көлемі 8 миллиард теңгені құраған.

Қазір облыс бойынша бір уақытта 500 – ге жуық адамды орналастыруға мүмкіндік бар. Ал 2029 жылға дейін жылына 650 мыңға дейін туристік лекті қабылдау жоспарлануда.

Бұл туралы ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Досжан Болатбек Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде салаға 15 миллиард теңге жұмсалып, бес ірі туристік нысан салынған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив