ШҚО-да жел күшейеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-12-2024, 09:12 0

Фото: stan.kz

«Қазгидромет» РМК 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. ШҚО-да жел күшейіп, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

ТЖМ өкілдері еліміздің Қазақстанның 13 облысындадауылдыескертужариялады.

-          ШығысҚазақстаноблысыныңсолтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, - дейді синоптиктер. 

Құтқарушылар ауа райының ашарлауына байланысты қатты жел кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

— жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

— балаларды бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау;

— егер қатты жел кезінде көшеде болсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе дүкендерде паналауды ұсынамыз;

— қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа да материалдар құлауы мүмкін;

— ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға тырыспаңыз;

— электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

— көлікті шіріген және ескі ағаштардың жанына қалдырмаңыз.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив