Шығыста күн райы бұзылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-12-2024, 16:07 0

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады.

Өңірдің солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 
 Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Егер сіздің көлігіңіз  қыста жүруге жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпағаныңыз жөн.

Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге мына заттарды жолға алуды ұсынады: сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік, шамдар.

Автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.

"Жел күшейген кезде дереу ғимаратқа кіріңіз. Аялдамаларды, жарнама тақтайшаларын, ағаштарды тасалауға болмайды. Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті ағаштың астына қоймаңыз. Төтенше жағдай кезінде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз", — деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив